Қарағандыда Ұлыбритания азаматын тонауда күдікті танылған екі жас азамат ұсталды

Фотография - Қарағандыда Ұлыбритания азаматын тонауда күдікті танылған екі жас азамат ұсталды

Қарағандыда Ұлыбритания азаматын тонауда күдікті танылған екі жас азамат ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен

404 0

Қарағандыда Ұлыбритания азаматын тонауда күдікті танылған екі жас азамат ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратынша, қылмыс 1 қаңтар күні Қарағандының Қазыбек би атындағы ауданында жасалды. Ұлыбританияның 30 жастағы азаматына шабуыл жасаған екі белгісіз адам оның ұялы телефоны мен қол сағатын алып кеткен.

«Қарағанды қалалық ІІБ-ның Орталық полиция бөліміндегі қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындары болып табылатын 19 және 20 жастағы екі азаматты ұстады. Айғақ дәлелдер алынды, жәбірленуші оларды таныды», - делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 178 бабымен (тонаушылық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!