Алматы облысында ұйғырлар шекарашыларды cабап кетті

Фотография - Алматы облысында ұйғырлар шекарашыларды cабап кетті

Көргендердің айтуынша, сабаушы жақта отыздан астам адам болыпты

219 0

30 желтоқсанда Ұйғыр ауданының Қытаймен екі арадағы шекарасында орналасқан Қалжат ауылында жергілікті ұйғырлар шекарашы үш офицерді бала-шағаларының көзінше итше тепкілеп, өлтіріп тастай жаздады.

Бұл туралы Shyn.kz сайты хабарлайды. Қазіргі кезде олардың үшеуі де аса ауыр қалде ауруханада жатқан көрінеді. Көргендердің айтуынша, сабаушы жақта отыздан астам адам болыпты.

Адамдардың шақыруымен жеткен полицияның учаскелік инспекторы да еш қарекет қыла алмаған.

Осылайша мемлекет иесі қазақ шекарашыларын ауыл ортасында қорлағандардың бірнешеуі іле-шала өздерін ақтау үшін, бір-бірінің аяқтарынан резіңке оқпен атып, жәбірленуші ретінде көріну үшін дереу құқық қорғау органдарына арызданыпты.

Көршілес жатқан қазақ ауылдары көтерілмек болғанда аудан әкімі мен прокуроры, полиция бастығы және тағы басқа да атқамінерлер барып, екі жақты татуластырған болғандарымен, ел ішін түрлі әңгімелер кезіп жүр. Аудандық атқарушы билік пен құқық қорғау органдары шекара түбіндегі ұлтаралық қақтығысты жасырып қалу үшін жандарын салуда. Тіпті шекарашыларды айыптаулары да мүмкін...

Қалжат ауылындағы тұрғындардың 80 пайызы ұйғырлар, онда тұратын қандастарымыздың өздері солардың айтқанымен жүретін жағдайға жеткен. Шекарашылар мен кеденшілер қызметтестерінің кегін алмақ болғандарымен, биліктің тоқпағына көніп, бармақтарын тістеп отыр.

Сайт редакциясы Ұйғыр ауданынан келген үшбу хаттың көшірмесі сақтаулы екендігін де жазады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!