ОҚО-да жеке кәсіпкерді ұрлап әкеткен

Фотография - ОҚО-да жеке кәсіпкерді ұрлап әкеткен

ОҚО-да жеке кәсіпкерді ұрлап әкетіп, өлтірген үш азамат ұсталды

162 0

Оңтүстік Қазақстан облысында жеке кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен үш азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, желтоқсан айының ортасында таңғы сағат 7-нің шамасында Сайрам ауданына қарасты Тассай елді мекенінде жол құрылысы жұмыстарымен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 48 жастағы директорының пышақ жарақаты бар мәйіті табылған болатын. Тексеру барысында жәбірленушінің үйінен белгісіз біреулер кәсіпкердің өзі мен оған тиесілі «Тойота Лэнд Крузер-200» автокөлігін ұрлап әкеткендігі анықталды. Үйдің ішінде қан дақтары мен күрес іздері анықталды. Жедел іздестіру іс шараларын жүргізу нәтижесінде ұрланған автокөлік жергілікті тұрғынның ауласынан табылды.

«Үй иесі «Тойотаны» оған аса таныс емес жігіт уақытша сақтай тұруға қалдырып кеткендігін айтты. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 22 мен 26 жас аралығындағы Шымкент қаласында тұратын екі азамат пен аталған облыстың бір тұрғыны қолға түсті. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!