Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Фотография - Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

275 0

 Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерімен бірігіп, заңсыз есірткі айналымымен айналысқан қылмыскерлерді ұстады», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, жастары 36-46 аралығындағы трансұлттық қылмыстық топтың 2 қатысушысы мен 6 жергілікті тұрғын 748 грамм героинды сату үшін тасымалдамақ болған. Күдіктілер ұсталып, қылмыстық істі тергеу ҚР ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментіне берілді.

Айта кетейік, осы апта ішінде 24 есірткі қылмысы анықталды, оның 9-ы сату фактісі, 17,5 келіден астам есірткі тәркіленді. 


Тегтер:

героин сатқан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!