Шымкентте полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Фотография - Шымкентте полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Шымкенттің «Қазығұрт» шағынауданында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды.

136 0

Шымкенттің «Қазығұрт» шағынауданында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары өткізген рейд барысында құжаттарын тексеру үшін бірнеше ер адамды тоқтатты.

Алайда ер адамдар полицейлерге құжаттарын көрсетуден бас тартып, қарсылық көрсетті. Нәтижесінде Абай АІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы мен учаскелік инспектор зардап шекті.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзованың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта полицейлердің жағдайы қанағаттанарлық, екеуі де қызметтеріне кірісті.

Шабуылға күдікті екі ер адам ұсталды, екеуі іздеуге жарияланды. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы мәлім еткендей, ұсталғандардың бірі ішкі істер департаментінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепке алынған.

«Билік өкілдеріне қарсылық көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!