Алматыда полицей 17-қабаттан секіріп кетті

Фотография - Алматыда полицей 17-қабаттан секіріп кетті

Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады

235 0

Алматыда полицей 17-қабаттың баспалдақ алаңындағы балконнан секіріп кетті. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Кеше сағат 17:18-де Бостандық ауданындағы Салодовников көшесінде 20-25 жастағы жігіттің құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Шұғыл тергеу тобы ол 1985 жылы туған Т. деген азамат екенін анықтады, полиция лейтенанты учаскелік инспектордың көмекшісі болып жұмыс істеген», - деді Салтанат Әзірбек.

Көз жұмған азамат Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірінде отбасымен бірге тұрған. Анасы мен жақын туыстарының сөзіне қарағанда, соңғы кезде ол қатты күйзеліп жүрген көрінеді, тіпті өзіне қол жұмсағысы келетінін бірнеше рет айтқан екен, бірақ оның сөзіне ешкім аса мән бере қоймаған.

«Кеше ол 20 қабаттық үйге келіп, баспалдақ алаңындағы балконнан секірген. 6 желтоқсаннан бастап полиция қызметкері еңбек демалысында болған. Қызметте өзін жақсы жағынан көрсеткен, сынақты жақсы тапсырған», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!