Түрме бақылаушысын тістеп алған

Фотография - Түрме бақылаушысын тістеп алған

Оқыс оқиға аяқ асты болғандықтан, қызметкер дер кезінде өзін қорғай алмай зардап шеккен

141 0

Семейде түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат бақылаушыны тістеп жарақаттады. Оның көп ұзамай АИТВ инфекциясымен сырқаттанғаны мәлім болды. Оқыс оқиға аяқ асты болғандықтан, қызметкер дер кезінде өзін қорғай алмай зардап шеккен.

Қараңғы түскен сәтте Семей қаласындағы 156/14 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінің ішіндегі сотталғандарға белгісіз азамат сырттан есірткіге ұқсас орамды зат лақтырған. Мұны байқаған түрме бақылаушысы затты бірден тәркілемек болады. Сол сәтте сотталғандардың бірі оған қатты қарсылық көрсетіп, бақылаушыны сол жақ қолынан тістеп алған. Түн ортасында кісі қолын қыршып алған айыптының 6 жылға кесімді жазасын өтеп жатқаны анықталды. Сол жерде бақылаушы қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Ал жазасын өтеп жатқан азаматтың кесімді мерзіміне тағы 3 жылдан 7 жылға дейін айып тағылуы ықтимал.

Еркін ҚАСЫМОВ, ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы:

- Дер кезінде бақылаушыға дәрігерлік көмек көрсетілді. Зардап шегуші Семей қаласындағы ЖИТС орталығында тексерілді. Бірақ жұқпалы дерт анықталмады. Сотталған тұлғаға ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!