Ағасын балталап өлтірген қылмыскер құрықталды

Фотография - Ағасын балталап өлтірген қылмыскер  құрықталды

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында ағасын балталап өлтірген 29 жастағы жігіт қолға түсті

182 0

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында ағасын балталап өлтірген 29 жастағы жігіт қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Әкесі бір, анасы бөлек ағайынды екі жігіт жаңа жылды апталап тойлаған көрінеді. Туыс-туғандарының айтуынша, бұл ағайынды жігіттер бұрыннан бір-біріне салқын қарайтын болған. Қылмыс жасалар күні де екеуі сөзге келіспей қалып, арты жанжалға ұласады. Соңында інісі ағасын балталап өлтірген.

Жан түршігерлік қылмыстың анық-қанығын тексеруге келген құқық қорғаушылар қаза болған 39 жастағы жігіттің басы жараланғанын, арқасына да бірнеше рет балта салынғанын анықтайды.

Қылмыскер оқиға орнынан ізін жасырған. Сөйтсе, ол анасының көмегімен үйдің жер төлесіне тығылып қалған екен. Ішкі істер департаменті, криминалды полиция мен аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы қылмыскерді жасырынған жерінен қолға түсірді.

Қазір ол уақытша қамау абақтысында отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!