ШҚО-да полиция қызметкері жарақаттанды

Фотография - ШҚО-да полиция қызметкері жарақаттанды

Тарбағатай ауданында қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезінде полицияның учаскелік инспекторы Дәурен Бақыт жарақаттанды.

165 0

Тарбағатай ауданында қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезінде полицияның учаскелік инспекторы Дәурен Бақыт жарақаттанды.

Полицейді жаңажылғы түнде мас болғандар арасындағы жанжалға  қатысушыларының бірі пышақтады. Полицияны төбелес орнына ауыл тұрғындары шақыртқан.

Әлгілер ешкімді көзге ілмеді. Ұстау кезінде олар полицейлерге бағынбады, қаскөйлердің бірі тәртіп сақшысын пышақтап, одан кейін  белгісіз бағытта іздерін жасырды.

Жарақаттанған жас лейтенант жақын орналасқан үйге еңбектей жетіп, кезекшіге ақпаратты бере алды, деп баяндайды ШҚО-ның инспекторы Айжан Сіләмбаева.

Нақты берілген ақпараттың арқасында күдіктілерді Тарбағатай ауданының тергеу-жедел тобы қолға түсірді. Бұл ретте олар ұстау кезінде тағы белсенді қарсылық танытты. 23 жастағы екі жігіт ешқайда жұмыс істемейді, олардың біреуі бұрын сотталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полициядан хабарлағандай, олардың әріптесі Дәурен Бақыт қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ШҚО ІІД-нің басшылығынан марапатқа ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!