Хромтауда көлікті айдап әкетушілердің тобы ұсталды

Фотография - Хромтауда көлікті айдап әкетушілердің тобы ұсталды

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында көлікті айдап әкетушілердің тобы ұсталды

115 0

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында көлікті айдап әкетушілердің тобы ұсталды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

2013 жылдың алғашқы үш күнінде олар Хромтау қаласындағы кооперативтердің біріндегі гараждардың қабырғаларын, шатырларын бұзу жолымен үш көлікті айдап әкетті. Топтың құрамында бұрын ұрлықтары үшін сотталған 18 және 19 жастағы екі қалалық азамат, сондай-ақ Мәртөк кентінің 26 жастағы тұрғыны болды.

Осылайша, қаңтардың 1-нен 2-не қараған түнінде олар гараждың шатырын бұзып, оның ішінен ВАЗ 2109 көлігін айдап әкетті, сондай-ақ көліктің екі дөңгелегі мен тұздықтарды ұрлаған. Қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнінде күдіктілер осыған ұқсас әдіспен «Опель Астра» пен «УАЗ 469» көліктерін айдап әкетті.

Күдіктілердің айтуынша, олар барлық көліктерді қыдыру үшін айдап әкеткен. Барлық оқиғаларда олардың магнитолаларын шешіп алып, одан кейін көліктерді далада қалдырып, магнитолалар мен басқа ұрланған заттарды таныстарына арзан бағамен сатып жіберген.

Барлық фактілермен ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!