Ақтөбеде директордан 3 млн. теңгені қорқытып алғысы келген

Фотография - Ақтөбеде директордан 3 млн. теңгені қорқытып алғысы келген

Ақтөбеде директордан 3 млн. теңгені қорқытып алғысы келген бұрынғы қызметкер оны соққыға жыққан

114 0

Ақтөбеде ЖШС-нің бұрынғы қызметкері оның директорынан 3 млн. теңгені қорқытып алмақшы болды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

2012 жылдың 20 желтоқсанында полицияға Ақтөбе қаласының 36 жастағы тұрғыны, ЖШС-нің директоры шағымданып,  компаниясының бұрынғы қызметкері кеңсеге келіп, оны ұрып-соққанын және 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қорқытып алу жолымен алмақшы болғанын жеткізді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 181 бабы бойынша (Қорқытып алушылық) қылмыстық іс қозғалып, күдікті азаматтар анықталды.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында күдікті  ЖШС директорының кеңсесіне тағы бір рет келгенде қолға түсті.

Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, жұмыс істеген кезінде директор оған уәде етілген ақшалай сыйақыларды бермеген. 20 желтоқсан күні ол 32, 33 және 34 жастағы үш досын ертіп келіп, бұрынғы бастығын соққыға жықты.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр, оның үш сыбайласы ешқайда кетпеу қолхаттарын толтырып үйлеріне жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!