Павлодарлық полицейлер ұрлықтың ізін суытпай ашты

Фотография - Павлодарлық полицейлер ұрлықтың ізін суытпай ашты

деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

334 0

Қалқаман кентінің жол бойында орналасқан дәмханасында тамақ ішіп отырған жігіт буфетші әйелдің шығып кеткенін көріп, сөренің астында жатқан 40 мың теңгені және ұялы телефонды жымқырған, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Дәмханадан шыққан ұрлықшы облыс орталығына бара жатқан автобусқа мінді - ол барлығы жақсы өткеніне сенімді еді. Алайда заттардың жоғалғанын байқаған әйел жедел түрде полицияға хабарласты.

Спутник ауылының қасында атовбусты тексеру кезінде жол полициясының қызметкерлері күдіктіге ұқсас жолаушыны тауып, оны бөлімге жеткізді. Бұл бұрын полицияға ұрлық жасау күдігімен түсіп үлгерген Қалқаманның 20 жастағы тұрғыны еді.

Айғақ дәлелдер алынды, күдікті мойындау түсініктерін берді, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

ақша ұрлаған

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!