Алматы облысында дүкен күзетшісін өлтіруге қатысы бар делінген күдіктілер ұсталды

Фотография - Алматы облысында дүкен күзетшісін өлтіруге қатысы бар делінген күдіктілер ұсталды

Алматы облысының полицейлері жаңа жыл түнінде дүкен күзетшісінің өлтірілуін ашты.

139 0

Алматы облысының полицейлері жаңа жыл түнінде дүкен күзетшісінің өлтірілуін ашты.

63 жастағы ер адамның зорлық белгілері бар мүрдесі 1 қаңтарда Жамбыл ауданындағы Қарғалы кентіндегі дүкендердің бірінің аумағында табылды.

Қылмысты ашуға облыстық қылмыстық іздеудің қызметкерлері тартылды. Күзетші соққылардан көз жұмған, осыған байланысты полицейлер ол мерекелік күні дүкенге кірген ұрыларды тоқтатпақшы болған деген нұсқаны негізге алды. Қылмысты жасағаннан кейін түнгі «қонақтар»  барлық іздерін жасырды.

Алайда, жедел жасалған жұмыстың арқасында полицейлер екі күдіктіні ұстады, олардың біреуі - Оңтүстік Қазақстан облысынан, екіншісі - жергілікті тұрғын. Ұсталғандар адам өлтірудегі мойындау түсікніктерін берді. Факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!