ОҚО-да толассыз жауған нөсерден үйлер су астында қалды

Фотография - ОҚО-да толассыз жауған нөсерден үйлер су астында қалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жойқын желден бірқатар ғимараттардың шатырлары жұлынып, бағаналар құлады

169 0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жойқын желден бірқатар ғимараттардың шатырлары жұлынып, бағаналар құлады.

Қазір бұл өңір жарықсыз қалды. Оның үстіне ақтүтек бораннан Созақ ауданын облыс орталығымен жалғап жатқан жол бойында көру қашықтығы төмендеп, асулар да жол көктайғаққа айналды.

Облыстың кейбір жерлерінде кеше күні бойы толассыз нөсерлетіп жауған жаңбырдың  және қардың еруі салдарынан кейбір аудандарда сел болып, біраз үйлерді басып қалған. Бұндай жағдай Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында және Шымкент қаласында тіркелген. Сел әсіресе, Сарыағаш ауданындағы  Жылға және Қарақалпақ ауылдарындағы жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық  құрылыстарына едәуір нұқсан келтірген. Бізге белгілі болған мәліметке қарағанда,  Сарыағаш ауданындағы жүргізілген апатты-құтқару жұмыстарына ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері, 2 дана техникасы, жергілікті әкімшіліктен 40 адам, 1 дана техника жұмылдырылған. Ауылдардағы арық атыздар тазартылып, су келген жылғалар бекітіліп жатыр.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!