Алматыда гимназия ғимаратының шатыры опырылып құлады

Фотография - Алматыда гимназия ғимаратының шатыры опырылып құлады

12 желтоқсан күні сағат 13.45-те Алматы қаласының Әуезов ауданында 1-шағынауданда орналасқан №111 гимназияда (1966 жылы салынған бір қабатты ғимарат) қардың ауырлығынан оқу орны асханасының шатыры опырылып құлады

652 0

12 желтоқсан күні сағат 13.45-те Алматы қаласының Әуезов ауданында 1-шағынауданда орналасқан №111 гимназияда (1966 жылы салынған бір қабатты ғимарат) қардың ауырлығынан оқу орны асханасының шатыры опырылып құлады.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы 450 шаршы метрді құрады. Оқиға орын алған жерде «АГС Пласт» ЖШС-нің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен үйінділерді тазарту және құрылыс материалдарын әкелу бойынша жұмыстар атқарылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?