Балқаш көлінде мұз үстінде 4 адамның жанып кеткен мүрделері бар көлік табылды

Фотография - Балқаш көлінде мұз үстінде 4 адамның жанып кеткен мүрделері бар көлік табылды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Балқаш көлінде ішінде жанып кеткен 4 адамның мүрдесі бар көлік табылды

158 0

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Балқаш көлінде ішінде жанып кеткен 4 адамның мүрдесі бар көлік табылды, деп хабарлады полицейлер.

«Өткен сенбі, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Шашубай кентінен алыс емес жерде Балқаш көлінің мұзының үстінде тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен жанып кеткен 2 ер адам мен 2 әйелдің мәйіттері табылды», - деп хабарланды полициядан.

Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

ҚР ҚК-нің 96-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!