Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның біреуі «Балқаш балық» фирмасының директоры

Фотография - Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның біреуі «Балқаш балық» фирмасының директоры

Қарағанды облысы Балқаш көлінде денелері табылған 4 адамның есімдері анықталды, олардың бірі - «Балқаш балық» фирмасының директоры

240 0

Қарағанды облысының Балқаш көлінде өткен сенбі күні табылған өлтіріліп, денелері өртенген 4 адамның есімдері анықталды, деп хабарлады Балқаш қалалық прокуратурасынан.

Прокуратурадан нақтылағандай, қаза тапқан адамдардың арасында үш ер адам мен бір әйел болды.

«Қаза тапқандар - «Балқаш балық» ЖШС фирмасының директоры, оның зайыбы және әкелі-балалы екі балықшы», - деді Балқаш қалалық прокуратурасынан.

Бұрын хабарланғандай, 12 қаңтар күні Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентіне жақын жердегі Балқаш көлінің мұзында тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен 4 өртенген мүрде табылды. Олардың барлығы сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!