Ақтөбе облысында әйелі жұбайын кесек отынмен соғып өлтірді

Фотография - Ақтөбе облысында әйелі жұбайын кесек отынмен соғып өлтірді

Мартөк ауданының Мартөк кентінде зайыбы абайсызда өз жұбайын өлтірді.

1435 0

Мартөк ауданының Мартөк кентінде зайыбы абайсызда өз жұбайын өлтірді.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 12 қаңтар күні полицияға жедел медициналық көмек бригадасынан өз үйінің дәлізінде 42 жастағы үй иесінің мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер қорытындысына сәйкес, оның өлімі бас сүйегінің сынуы салдарынан болған.

Оның зайыбы жұбайының бір күн бұрын жалақысын алып, кешке жұмысқа кеткенін айтты. Түнде көшеге шыққан ол басынан соққы алған ерін қардың үстінде жатқан күйінде тапқан. Жұбайын үйге кіргізген ол жедел жәрдем шақырды.

Тексеру барысында ер адамның үй ішінде өлтірілгені анықталды, одан кейін әйел түнде мас күйінде оралып, жанжал шығарған ер адамды басынан кесек отынмен соғып өлтіргенін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 103 бабының 3 бөлімімен (Адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!