Алматы полициясы соққы жеген зейнеткерлерді тапты

Фотография - Алматы полициясы соққы жеген зейнеткерлерді тапты

Бірақ зардап шеккен қос қария полицияға өздігінен шағымданбаған. Дегенмен, олар оқиға туралы түсінік берген

137 0

Алматы полициясы осыдан бірнеше күн бұрын қала көшелерінің бірінде көлікте кетіп бара жатқан егде ер адам мен әйел адамды соққыға жыққан жүргізушіні тапты.

Жас жігіттің қарт адамдарды ұрып жатқаны туралы видео бірнеше күн бұрын интернет беттерінде жарияланған. Оқиғаны қасынан өтіп бара жатқан көліктегі жүргізуші түсіріп алған. Жас жігіттің оларды не үшін соққыға жыққаны белгісіз.

Бірақ зардап шеккен қос қария полицияға өздігінен шағымданбаған. Дегенмен, олар оқиға туралы түсінік берген.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, полиция соққыға жыққан көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!