Қызылордада қаңғыбас ит қатарынан 14 адамды қапты

Фотография - Қызылордада қаңғыбас ит қатарынан 14 адамды қапты

Қызылордада қаңғыбас ит қаланы дүрліктірді. Бір сағат ішінде оншақты адамды қапқан итті ұстау үшін қаланың барлық полицейі мен мал дәрігерлері жұмылдырылған көрінеді

140 0

Қызылордада қаңғыбас ит қаланы дүрліктірді. Бір сағат ішінде оншақты адамды қапқан итті ұстау үшін қаланың барлық полицейі мен мал дәрігерлері жұмылдырылған көрінеді.

Қалалық аурухананың дәрігері Бауыржан Төлегеннің мәлімдеуінше, бір күн ішінде ауруханаға ит қапқан 12 адам келген. Олардың сипаттауынша, 9-ын қапқаны бір ит. Зардап шегушілерге қажетті ем-дом жасалып жатыр.

Қабаған иттің бұдан кейін де бірнеше адамды тістеп алғаны анықталған. Тиісті органдар зардап шегушілер саны 14-ке жетті деп отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өкілінің хабарлауынша, қаңғыбас иттің көзі жойылған. Оның құтырғандығын немесе құтырмағандығын анықтау үшін арнайы сараптама жасалмақ


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!