Атырау облысында Каспийде 4 балықшы жоғалды

Фотография - Атырау облысында Каспийде 4 балықшы жоғалды

14 қаңтар күні Атырау облысында Исатай ауданының Забурунье ауылының 4 тұрғыны теңізге шығып, қайта оралмады

338 0

14 қаңтар күні Атырау облысында Исатай ауданының Забурунье ауылының 4 тұрғыны теңізге шығып, қайта оралмады. 

Атырау облысы бойынша ТЖД-дан хабарлағандай, адамдардың жоғалғандығы туралы ақпарат өткен түнде келіп түсті. Бүгін таңертең оларды іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру шараларына ұшақ пен ауа жастықшасы бар кеме жұмылдырылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, балықшылар теңізге мотоциклмен шыққан. Олар тұрған мұз ажырап, теңіз ортасына ағып кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!