Шымкент-Алматы бағытында бет алған жолаушылар автобусы жанып кетті

Фотография - Шымкент-Алматы бағытында бет алған жолаушылар автобусы жанып кетті

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 187-шақырымында, Қордай ауданының Отар стансасы аумағында Шымкент-Алматы бағытында бет алған «Setra» жолаушылар автобусында өрт болды

203 0

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 187-шақырымында, Қордай ауданының Отар стансасы аумағында Шымкент-Алматы бағытында бет алған «Setra» жолаушылар автобусында өрт болды, деп хабарланды өңірлік ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің Отар стансасындағы өрт сөндіру бөлімі  тілсіз жаумен екі сағат күресті.

Өңірлік ТЖД-нің баспасөз қызметінен анықтағандай, жалын салдарынан автобус толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

1985 жылы шығарылған шымкенттік автобусты ОҚО-ның 47 жастағы тұрғыны басқарған. Автобустың ішінде 45 жолаушы болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің орын алуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, материалдық шығын анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!