Полицейлер жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні іздестіріп жатыр

Фотография - Полицейлер жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні іздестіріп жатыр

 Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

151 0

Полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, 2,5 миллион ресей рублін иеленіп кеткен қылмыскерді ұстады.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«9 қаңтарда Ақтөбе облысы полициясына Батыс Қазақстан облысының 49 жастағы тұрғынының уақытша тұрып жатқан үйіне медициналық бетперде киген бір адам кіріп, оны атып, ақша салынған пакетті алып, із суытқаны туралы хабар келіп түседі.  Атыс қаруымен жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Жәбірленушінің өзінің жеке валюта айырбастау пунктісі болғаны және ресейлік рубльдерді  сатып алатындығы анықталды»,-деді ресми өкіл.

Қылмысты ашу үшін құрылған жедел-іздестіру тобының жұмысы нәтижесінде тонауға қатыстылардың біреуі - 27 жастағы күдікті ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысты тағы екі адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!