Павлодарда ірі жол-көлік апаты орын алды

Фотография - Павлодарда ірі жол-көлік апаты орын алды

 Павлодарда бар-жоғы бір минут ішінде үш бірдей жол апаты болды.

183 0

Павлодарда бар-жоғы бір минут ішінде үш бірдей жол апаты болды. Үш адам қаза тауып, оншақты адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Құтқарушылар мен медициналық жедел жәрдем қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.

«Павлодар-Астана» тасжолының бойында, қаладан он шақырым жердегі Ленин кентінің іргесінде және Ертіс өзені арқылы өтетін жүк көпірінен екі шақырым жерде көліктер соқтығысты. «Ауди 80» және «Фольксваген» маркалы жеңіл көліктерінің қақтығысынан ондағы үш әйел қайтыс болды. «Ауди 100» және «Мицубиси» көліктерінде болған 3 баланың бірі 6 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен тағы екі бала жарақаттану бөлімшесіне жатқызылды. Тағы бір оқиғада «Ваз-2109» және «Тойота» автокөлігінің жүргізушілері мен жолаушылары аман. Апаттардың негізгі себебі - ауа райының қолайсыздығы болып отыр.

Жолдағы көктайғаққа байланысты жасалған ескертулерге адамдар құлақ аспайды.Қаланың сыртына шығып жатыр. Жол көктайғақ, жылдамдық ережелері сақталмайды, нәтижесі осындай қайғылы болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!