Астанада анасы ұлын пышақтап өлтірген

Фотография - Астанада анасы ұлын пышақтап өлтірген

Бұл отбасында жиі ұрыс-керіс болып тұратыны анықталды

172 0

Араларында ұрыс туындаған Астанадағы бір азаматша өз ұлын пышақтап өлтіріп алған, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті Алматы аудандық ішкі істер басқармасына отбасындағы жанжалдан қылмыс туындағаны жайлы ақпарат түседі. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері пәтерден бір ер адамның мәйітін табады.

«Анықталғанындай, 1955 жылы туған әйелдің 1979 жылғы баласы үйіне мас болып келген. Екеуінің арасында жанжал туындап, анасы мас ұлына пышақ сұғып алады. 1979 жылғы ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Анасы ұлын өлтіргісі келмегенін, тек қорқытып қойғысы келгенін айтты», - дейді полиция қызметкерлері.

Ал көршілерден жауап алған соң, бұл отбасында жиі ұрыс-керіс болып тұратыны анықталды. Оған себеп – ішімдікке салынған бұл отбасындағы ер жігіт ата-анасының қымбат дүниелерін ұрлап, араққа сатқан, қымбат дүние қолына үспесе, ақша ұрлаған.

«Тергеу барысында 1955 жылғы әйел кінәсін мойындаған. Қылмыстың басты айғағы – пышақ тәркіленді», - делінген хабарламада.

Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!