Бурабай-Астана тас жолында 20-дан аса көлік соқтығысты

Фотография - Бурабай-Астана тас жолында 20-дан аса көлік соқтығысты

Ақтүтек боран салдарынан Ақмола облысында бір мезетте 20-дан астам көлік соқтығысып қалды

206 0

Ақтүтек боран салдарынан Ақмола облысында бір мезетте 20-дан астам көлік соқтығысып қалды. Өйткені көру мүмкіндігі онсыз да шектелген аумақта мақтаулы Бурабай-Астана тас жолының өзі қалың қардан тазартылмаған екен.

Жол апаты Жаңаталап ауылы маңында орын алды. Тақтайдай салынған жаңа автобан қазір ақылы болса да, уақытылы қардан аршылмай жүргізушілер жол азабын тартуда. Жол жиегіне үйіліп қалған қардан көлік кептелісі пайда болып, бір уақытта 20 автокөлік соқтығысқан. Адам қазасы болмаса да, көліктерінің сау тамтығы қалмаған жүргізушілер енді өтемақыны кімнен өндірерін білмей дал. Жол апатына ұшыраған техниканың дені жүк көліктері.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!