Атырау сауда үйлерінің бірінде ірі өрт болды

Фотография - Атырау сауда үйлерінің бірінде ірі өрт болды

Атырау қаласындағы «Хозяюшка» сауда үйінің үшінші қабатында өрт басталды, жалын ғимарат шатырына ауысты. 

364 0

16 қаңтар күні таңертең Атырау қаласындағы «Хозяюшка» сауда үйінің үшінші қабатында өрт басталды, жалын ғимарат шатырына ауысты. 

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт үш сағатқа жуық уақытта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 21 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 525 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!