Темір тордың ар жағындағы достарына героин жасырылған картоп лақтырмақ болды

Фотография - Темір тордың ар жағындағы достарына героин жасырылған картоп лақтырмақ болды

Темір тордың ар жағындағы достарына героин жасырылған картоп лақтырмақ болып, ұсталды

293 0

Жедел топ №156/2 түзеу мекесінің жанына кеше кешқұрым көлікпен келіп тоқтаған екі жас жігітті ұстады.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне көлік туралы ақпарат түзеу мекемесінің аумағын кешкілік тексеруден кейін түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел топ көлікті тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан скотчпен оралған түйіншекті тапты, ішінде картоптың бір түйнегі болды. Онымен бірге, көліктің ішінен ұнтақ және ақ-сары түсті түйір күйіндегі үш полимерлі түйіншек табылды. Ұсталғандар полицияға жеткізілді.

Анықталғандай, жас жігіттер өзара таныс болған және бұрын аталмыш түзеу мекемесінде жазаларын өтеп шыққан. Олардың біреуі - бір жыл, екіншісі 1,5 жыл бұрын босатылған.

Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар мекеме қоршауының ар жағына достарына есірткі лақтырмақ болған. Жеткізуші зат ретінде картоптың түйнегін пайдаланған, ішіне есірткісі бар түйіншекті салған.

Тәркіленген героиннің салмағы 6,8556 грамды құрады.

ҚР ҚК-нің 259-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!