Қызылордада 9 адам итке таланды

Фотография - Қызылордада 9 адам итке таланды

Ақмешіт мөлтек ауданында көше кезген иесіз ит жүргіншілерге тосыннан шабуыл жасаған

303 0

Қызылорда қаласының 9 тұрғынын бұралқы ит қапты. Қаңғыбас итке таланғандардың ең кішісі - 5 жаста. Ақмешіт мөлтек ауданында көше кезген иесіз ит жүргіншілерге тосыннан шабуыл жасаған.

Екі сағат ішінде 9 адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарақаттары жеңіл болғандықтан, олардың барлығына арнайы екпе егіліп, үйлеріне қайтарылды. Тұрғындар тынышын алған итті коммуналдық қызметкерлер ұстап, залалсыздандырды. Енді мамандар итте құтыру дертінің бар-жоқтығын анықтауда. Жалпы, жыл басынан бері  Қызылордада 76 адамды ит қапқан.

Алмат АҚБЕРГЕНОВ, қала тұрғыны:

- Таңертең жұмысқа түскен уақытта жарық сөніп, артымыздан келген итті байқамай қалдық. Келіп бірден үн-түнсіз тістеп алды. Ұрып, әлсіретіп тастадық. Шамалыдан кейін қайтадан тұрып, шапты.

Бауыржан ТӨЛЕГЕН, қалалық аурухананың травматолог дәрігері:

- Тістеген жарақаттары әр жерінде, әртүрлі лаколизацияда. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер болған жоқ. Сондықтан барлық науқастарға керекті, құтырмаға қатысты вакциналар салынып, амбулаторлық емге жолданды. Келесі күні 4 адам қаралды. Қапқан кісілермен қарым қатынаста болған. Ол кісілерге де керекті көрсеткіштер бойынша вакциналар салынып, әрі қарай ем жалғастыруға амбулаториялық емге жолданды.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!