Астана тұрғынынан 206 мың АҚШ долларын ұрлап әкеткен қаскөйлер ұсталды

Фотография - Астана тұрғынынан 206 мың АҚШ долларын ұрлап әкеткен қаскөйлер ұсталды

деп хабарлайды аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметінен.

357 0

Ақмола облысының жедел топ қызметкерері астаналық әріптестерімен бірігіп, ҚР елордасында қарақшылық шабуыл жасаған бір топ ер адамды ұстады, деп хабарлайды аймақтың ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Осылайша, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Астана қалалық ІІБ-ның кезекшілік бөліміне белгісіз екі адамның Астана тұрғынының пәтеріне кіріп, оны ұрып-соғумен қорқыту арқылы ашық түрде 206 мың АҚШ долларын ұрлап әкеткендері туралы хабарлама келіп түсті.

2013 жылдың 16 қаңтарында өткізілген арнайы жедел-іздестіру шаралараның барысында Астананың 60 жастағы тұрғынына қарақшылық жасау фактісі бойынша берілген тұспалдау фактісімен Көкшетаудың орталық әмбебап дүкенінде күдікті азаматтар, Астана қаласының 21, 30 және 31 жастағы үш азаматы және облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тексеру нәтижесінде олардан 14 млн. 300 мың теңге, 48 800 АҚШ доллары, 700 еуро көлеміндегі ақша алынды.

Тексеру барысында ұсталған азаматтардың бірі жәбірленушінің туысқанының жақын досы болды. Материал Астана қалалық ІІД-іне жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!