Замандасының гаражынан қара металды ұрлап кеткен 56 жастағы әйел түрмеге тоғытылуы мүмкін

Фотография - Замандасының гаражынан қара металды ұрлап кеткен 56 жастағы әйел түрмеге тоғытылуы мүмкін

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

240 0

Жамбылдық полицейлер 150 мың теңгеге бағаланған қара металды ұрлады деп күдік келтірілген әйелді құрықтады.

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«16 қаңтар күні Жамбыл облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығына қаланың 65 жастағы тұрғыны арызданып, өзін тонап кеткендігі туралы айтты. Ол «Кожевник» кооперативіндегі гаражына келгенде ұрылар құрылыс үшін жиналған қара металл үйіндісін алып кеткендігін анықтаған.

Келтірілген материалдық шығын 150 мың теңгеге бағалануда.

Тараз қалалық ІІБ 2-Шұғыл бөлімшесінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлау оқиғасына қатысты күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін істі болмаған, ешбір жерде жұмыс істемейтін 56 жастағы әйел болып шықты.

Заттық айғақтар алынды, күдікті өзінің кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!