Шымкентте жүргізуші полицейлерге оқ атты

Фотография - Шымкентте жүргізуші полицейлерге оқ атты

Шымкентте 22 жастағы жігіт жол полициясы қызметкерлерін атып тастамақ болды

121 0

Шымкентте 22 жастағы жігіт жол полициясы қызметкерлерін атып тастамақ болды  деп хабарлайды  КТК телеарнасы.


«Қаладағы көлік көп жүретін күре жолда жол полициясы тоқтатқан «БМВ» көлігінің иесі құжатын көрсетуден бас тартыпты. Ол аздай, травматикалық тапанша кезенген билік өкіліне. Жылдам әрекет еткен полицей оның қолындағы қаруын тартып алыпты. Алайда, бұзақы шүріппені бірнеше рет басып үлгерген. Атылған оқтың бірі сол маңдағы такси жүргізушісін жаралады», -делінген БАҚ-тағы хабарламада.


Телеарнаның мәліметінше, күдікті көлікті тексерген кезде оның ішінен дүрбілі мылтық табылды. Ұсталған жігіттің өзі ол қаруды қасында отырған жолаушыға тиесілі деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!