Жалған полицейлер нашақордың 1,5 млн теңгесін тартып алған

Фотография - Жалған полицейлер нашақордың 1,5 млн теңгесін тартып алған

Құқық қорғау органдарына хабарлассаң, өзіңе қиын болады деп қорқытып, оны босатқан

204 0

Астана қаласы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына ұйымдасқан қылмыстық топ полиция қызметкерлерінің атын жамылып, алаяқтық жолмен ақша алғандары туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ҰҚҚБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде бірқатар қылмысқа қатысы бар 3 адам (екеуі Қарағанды облысының, үшіншісі Астана қаласының тумалары) анықталып, қамауға алынды.

«Анықталғандай, 2012 ж. 10 қазанда осы қылмыстық топ өздерін есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деп таныстырып, Б. деген есірткіге тәуелді 30 жасар азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартыласың деп қорқытып, оны жалға алынған пәтерде тәуліктен аса уақыт бойы қамауда ұстап, заңсыз бас бостандығынан айырған. Содан кейін оған қоқан-лоқы көрсетіп, оған тиесілі «Мерседес» көлігін 1 550 000 теңгеге авто-ломбардқа өткізуге мәжбүрлейді де, ақшаны тартып алады. Құқық қорғау органдарына хабарлассаң, өзіңе қиын болады деп қорқытып, оны босатқан», – делінген хабарламада.

ҰҚҚБ қызметкерлері атап өткендей, ұсталған азаматтардың бұған дейін де осыған ұқсас өзге қылмыстар жасауы әбден мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтар Астана қаласы ІІД УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!