Таразда өрт орнында ер адамның мәйіті табылды

Фотография - Таразда өрт орнында ер адамның мәйіті табылды

Бүгін түнгі сағат 04.48-де Тараз қаласының Құмшағыл ауылында Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан 18 үй мекенжайында 2 пәтерлі жекеменшік үйден өрт шықты

334 0

Бүгін түнгі сағат 04.48-де Тараз қаласының Құмшағыл ауылында Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан 18 үй мекенжайында 2 пәтерлі жекеменшік үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Өрт сағат 06.21-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 60 шаршы метрді шарпыды. Өрт орнында 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!