Оралда автокөлік қос бірдей зейнеткерді қағып кетті

Фотография - Оралда автокөлік қос бірдей зейнеткерді қағып кетті

17 қаңтар күні Орал қаласында 23 жасар жүргізуші «Лада-21703» автокөлігімен Еуразия даңғылы бойында 1943 және 1950 жылғы зейнеткерлердің реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтуіне мүмкіндік бермей, қағып кеткен

177 0

17 қаңтар күні Орал қаласында 23 жасар жүргізуші «Лада-21703» автокөлігімен Еуразия даңғылы бойында 1943 және 1950 жылғы зейнеткерлердің реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтуіне мүмкіндік бермей, қағып кеткен.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жол-көлік оқиғасынан кейін түрлі жарақат алған қос зейнеткер облыстық ауруханаға жеткізілген. Алғашқы медициналық жәрдем алғаннан кейін олар үйлеріне жіберілген.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!