Бұрынғы күйеуін «тапсырыс» беріп, өлтірмек болған

Фотография - Бұрынғы күйеуін «тапсырыс» беріп, өлтірмек болған

Қарағандыда бұрынғы күйеуін 5 мың долларға тапсырыспен өлтірмек болған 34 жастағы әйел ұсталды

164 0

Қарағандыда бұрынғы күйеуін 5 мың долларға тапсырыспен өлтірмек болған 34 жастағы әйел ұсталды.

«Экспресс К» (авторы Гүлмира Мәтхалықова) газетінің жазуынша, бұрынғы ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы пәтерлерін бөлісе алмаған. Шаршы метрлер үшін тартыстан шаршаған әйел соңғы қадамдарға бел буды.

«Бізге 34 жастағы әйел күйеуін өлтіру үшін адам іздестіріп жүргендігі туралы ақпарат түсті. Біздің қызметкерлеріміздің бірі киллердің рөлін орындады. Онымен кездесті, әйел оған құрбанның суретін, үй мекенжайын және телефон нөмірін берді, экс-жұбайының әдеттері: ол үйінен нешеде шығып, нешеде оралатындығы туралы айтып берді», - деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция комитеті аса қауіпті қылмыстарды ашу жөніндегі басқарманың бастығы Серік Дәулетбаев.

Сол күні «киллер» 25 мың теңге авансын алды, қалған ақшаны тапсырыс беруші жұмыс орындалған соң беруге уәде етті. Киллер ер адамның өлімін орындаған болды, тіпті, оның мәйітін суретке түсіріп алды. Әйел оған қалған қаламақыны тапсырып жатқанда, полиция қызметкерлері оны қолға түсірді.

Дәулетбаевтың сөзіне қарағанда, 2012 жылы криминалдық полиция қызметкерлері тапсырыспен өлтірудің төрт фактісінің алдын алды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!