Мәскеуде қазақстандық студент жатақхананың терезесінен құлап, мерт болды

Фотография - Мәскеуде қазақстандық студент жатақхананың терезесінен құлап, мерт болды

Алдын ала жасалған болжам бойынша, студент өз-өзіне қол салған. Оқиға орнынан өлімалды хат табылмады

163 0

Жексенбі, 20 желтоқсан күні кешқұрым Мәскеу қаласында қазақстандық студент И. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті жатақханасының терезесінен құлап, мерт болды.

Студенттер арасынан дереккөз хабарлағандай, қаза болған университет магистратурасының 2-ші курс студенті. Оқиға түнге жақын кезде орын алды, марқұм жатақхананың 10-шы қабатында орналасқан өз бөлмесінің терезесінен құлап кеткен.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, студент өз-өзіне қол салған. Оқиға орнынан өлімалды хат табылмады.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!