Сарыағашта күдіктіні азаптаған полицейлер сотталды

Фотография - Сарыағашта күдіктіні азаптаған полицейлер сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданданында күдікті азаматқа мәжбүрлеп қылмысты мойындатпақ болған үш полицейге қатысты сот үкімі шықты.

168 0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданданында күдікті азаматқа мәжбүрлеп қылмысты мойындатпақ болған үш полицейге қатысты сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аудандық ішкі істер басқармасының жедел уәкілі мен екі учаскелік инспектор Құркелес ауылының тұрғынын мал мен қосалқы бөлшектер ұрлығына күдікті ретінде қамауға алады. Уақытша тергеу абақтысында отырған оған өзге де бірнеше қылмысты "мойныңа ал" деп ұрып-соққан.

22 жастағы ауыл тұрғынын электрошокермен қорқытып, күртешемен тұншықтырған. Резеңке сойылмен ұрып, тіпті, газтұтқыш кигізіп қинаған. Алайда, дәлел таппаған тәртіп сақшылары оны амалсыз босатады. Осыдан кейін, жәбір көрген азамат прокуратура органдарына шағым түсіріп, тәртіп сақшыларының қылмыстық әрекеті толығымен дәлелденді.

Арнайы сот-медициналық сараптама қортындысы негізінде үш қызметкерге қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, сот үкім шығарды.

Жедел уәкілге белгіленген бап бойынша қылмыстардың жиынтығымен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, сонымен қатар жазасын түзеу колониясының жалпы режиміндегі өтеу деп белгіленді. Ал екі учаскелік инспекторға берілген баппен айыпты деп танылып, әрқайсысы 2 жыл 6 айдан бас бостандыған айыру жазасы белгіленді. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сондай-ақ, прокурорлар облыс аумағындағы мектептерде оқушылардан ақша жинау деректері анықталғанын айтып отыр. Өткен жылдың өзінде білім мекемелерінде осындай 5 дерек расталып, бір оқушы қыз қылмыстық жазаға тартылған.

Сорақысы сол, жеткіншектерден жиналған қаражат бас бостандығынан айырылған сотталушыларға жолданатын көрінеді. Қазіргі таңда осындай заңсыздықтарды әшкерелеу мақсатында құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан арнайы 123 мобильдік топ құрылып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!