Атырауда 118 тонна мұнайды заңсыз сатқан компания анықталды

Фотография - Атырауда 118 тонна мұнайды заңсыз сатқан компания анықталды

 «Petroline» ЖШС-нің басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 193 бабы, 2 бөлімі, «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

266 0

Экономикалық қыомысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Petroline» ЖШС-нің басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 193 бабы, 2 бөлімі, «в» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталмыш ЖШС басшылығына 2012 жылдың қараша айында «қызметтік бабын асыра пайдаланып, заңсыз жолмен алынған 118,4 тонна мұнайды сатудан түскен 14 млн. 240 мың 754 теңге сомасында қаржылық операциялар мен келісімдер жасады» деп айып тағылуда.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Атырауда қаржы полициясы департаменті Ақжайық теміржол стансасында мұнай тиелген 11 вагон-цистернаны анықтады. Құжаттарға сәйкес,  мұнай кен пайдаланушы - «Қазақмыс Петролиум» ЖШС-не тиесілі кен орнында сатылып алынған. Шикізатты екі жеке компания жіберген, жүкті жауапкершілігі шектеулі серіктестік («Petroline» ЖШС) қабылдап алған. Анықталғандай, кен пайдаланушы аталмыш компаниялармен келісімшартқа тұрмаған, ал көрсетілген құжаттар жалған болып шықты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!