АІІБ бастығының орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Фотография - АІІБ бастығының орынбасары пара алу үстінде ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы АІІБ бастығының орынбасары пара алу үстінде ұсталды

130 0

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ордабасы ауданы Ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) 3-тармағына, 24-бабы 3-тармағының «г» тармақшасына сәйкес қозғалған.

«2013 жылдың 16 қаңтарында алдау және сенімге қиянат келтіру жолымен полиция қызметкері азаматша К.-дан 90 000 теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Ол аталған азаматшаның баласын қылмыстық жауапкершілікке тартпауға уәде еткен»,  - делінген баспасөз хабарламасында.


Тегтер:

пара алу

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!