Әуежайға «бомба қойған» күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фотография - Әуежайға «бомба қойған» күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл жайында көлік прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеп отыр.

148 0

Алматы әуежайына бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында көлік прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеп отыр.

«2013 жылдың 19 қаңтарында сағат 16.00 шамасында Алматы әуежайының тәртіп сақшыларына Алматы халықаралық әуежайына бомба қойылғандығы және ол 20 қаңтар күні сағат 12.00-де жарылатындығы жөнінде ақпарат келіп түскен болатын. Жедел қолға алынған шаралар барысында әуежайдың жұмыс тәртібі бұзылды, жалпы саны 715 жолаушысы бар 10 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар, 556 жолаушысы бар 7 әуе көлігі қона алған жоқ. Тексеру шаралары ешқандай бомбаның жоқтығын анықтап отыр» делінген хабарламада.

Сағат 18.30-дар шамасында әуежайдың жұмысы қалыпты жағдайға келді. Ал, тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқан күдіктінің кім екендігін анықтаған. Енді аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 242 бабы, лаңкестік жайында жалған мәлімет тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!