Екібастұзда ағайындылар ғаламторда танысқан қызды зорлап өлтірді

Фотография - Екібастұзда ағайындылар ғаламторда танысқан қызды зорлап өлтірді

Екібастұз қаласында 21 жастағы қызды зорлап, кейін буындырып өлтірген ағайынды екі жігіт ұсталды.

407 0

Екібастұз қаласында 21 жастағы қызды зорлап, кейін буындырып өлтірген ағайынды екі жігіт ұсталды.

Қылмыстарын жасырмақ болған азғындар мәйітті ала дорбаға салып, жол жиегіне тастап кеткен. Адамның екі аяғы шығып жатқан сөмкені көрген жүргіншілер полицияға хабарлаған.

Көп ұзамай екі жігіт қолға түсті. 22-24 жастағы Екібастұз қаласының тұрғындары ағалы-інілі болып шықты. Марқұммен ғаламтор арқылы танысқан екен. Оны үйге шақырып, екеулеп зорлаған.

Полицияға хабарлаймын деп байбалам салған қызды ағайындылардың бірі буындырып тастапты. Артынан ваннаға апарып, жуып-шәйіп, мүрдені екі бүктеп ала сөмкеге салған. Сөйтіп мәйітті жол жиегінде лақтырып кетеді.

Ал қыздарына іздеу салмаған ата-анасы бұл хабарды ақпарат құралдарынан естіп біліпті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!