Алматы облысында сексуалдық мақсатта пайдалану үшін екі бойжеткен ұрланды

Фотография - Алматы облысында сексуалдық мақсатта пайдалану үшін екі бойжеткен ұрланды

 Аталған қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер Алакөл ауданының екі тұрғынын ұстады.

188 0

Алматы облысының полицейлері екі бойжеткенді кейіннен жыныстық қатынаста пайдалану мақсатында ұрлап әкеткен күдікті екі ер адамды ұстады.

Қаратал ауданының 20 жастағы екі бойжеткенін ұрлап әкету фактісін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тобы анықтады. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер Алакөл ауданының екі тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, бойжеткендерді күштеп көлікке отырғызып, облыс орталығына әкеткен, онда түні бойы ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа итермелеген. Таңертең қашып шыққан қыздар полицияға барып арыз жазды. Қазіргі уақытта адамдар ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала тергеу барысында тәртіп сақшылары адам бостандығынан айыру фактісін де анықтады. Күдіктілер ақша бопсалау мақсатымен Талдықорған тұрғынын 10-12 сағат бойы өз көлігінің жүк салғышында ұстаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!