«Атырау Агросервис» басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фотография - «Атырау Агросервис» басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Атырау Агросервис» ЖШС-нің директоры мен лауазымдық тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

224 0

Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Атырау Агросервис» ЖШС-нің директоры мен лауазымдық тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясының хабарлауынша, ҚР ҚК-нің сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін алу немесе жұмсау үшін жаза қарастырылған 176 бабының 3 бөліміндегі «б» және «г» тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Атырау Агросервис» ЖШС-нің басшылары мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалар бола отырып, өздерінің қызметтік жағдайын пайдалану жолымен сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін ұрлау мақсатымен 2012 жылғы 10 шілдеде «NORIN» ЖШС-мен «Атырау Агросервис» ЖШС-нің ғимаратында құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындау жөнінде жалған келісім-шарт жасаған. Жұмыстардың орындалмағанын біле тұра, «NORIN» ЖШС-нің есебіне негізсіз түрде 3 млн. 102 мың 840 теңге аударылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!