Қатонқарағайда 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

Фотография - Қатонқарағайда 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

Шығыс Қазақстанның қылмыстық полициясы 14 жыл бұрын елді елең еткізген адам өлтіру қылмысын ашты.

384 0

Шығыс Қазақстанның қылмыстық полициясы 14 жыл бұрын елді елең еткізген адам өлтіру қылмысын ашты.

1999 жылы Қатонқарағай аудандық орталығында 77 жастағы зейнеткер әйел өлтіріліп, одан сол уақытта қомақты сома болған 60 мың теңге көлеміндегі ақша ұрланды, деп баяндайды ШҚО ІІД-нің инспекторы Айжан Ісләмбаева.

Әйел үйде жалғыз тұратын еді. Іздерін жасыру үшін қылмыскерлер оның денесіне керосин төгіп, өртеп жіберді.

Қылмыскерді осы жылдар бойы іздеу еш нәтиже бермеді. Тергеудің 14-ші жылға созылғанында зейнеткер әйелді өлтіруге қатысты адамның есімі анықталды. Күдіктіні Қатонқарағайда анасымен тұратын үйінде ұстады. Ұсталған азамат мойындау түсініктерін берді, бірақ істің кейбір мән-жайларын есіне түсіре алмады.

Анықталғандай, ер адам бұл қылмысты таныс ер адаммен бірге жасаған, ол зейнеткер әйелді тонауды ұсынған екен. Алкогольдік ішімдік ішіп алған ер адамдар егде жастағы әйелдің үйіне барды. Қылмысты жасаған соң олар Алматыға кетіп, жасырынады. Бір айдан кейін күдікті Алматыда ұрлық жасағаны үшін ұсталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрмеде отырған ол тағы бірқатар қылмыс жасаған, соның ішінде мекеме тәртібіне қасақана бағынбау және түзету мекемесінің қызметкеріне қатысты зорлық көрсету қылмыстары болды. Осылайша, оның бірінші мерзіміне тағы 9 жылдай бас бостандығынан айыру мерзімі қосылды.

Қазіргі кезде ұсталған азамат қамауда отыр. Екі сыбайласқа қатысты ҚР ҚК-нің 96 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!