Ақтөбеде 28 жастағы мейман қонақүйден спутниктік антенна құрылғысын ұрлаған

Фотография - Ақтөбеде 28 жастағы мейман қонақүйден спутниктік антенна құрылғысын ұрлаған

Кеше түнде  «102» нөміріне қаланың ескі бөлігінде орналасқан қонақүйінің 42 жастағы әкімшісі хабарласып, онда жасалған ұрлық туралы хабарлады

177 0

Ақтөбеде 28 жастағы мейман қонақ үйден спутниктік антенна құрылғысын ұрлады, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Кеше түнде  «102» нөміріне қаланың ескі бөлігінде орналасқан қонақүйінің 42 жастағы әкімшісі хабарласып, онда жасалған ұрлық туралы хабарлады.

Әйелдің түсіндіруінше, бөлмелердің бірінен жас жұп оны босатқан соң, қонақүй қызметкерлері спутниктік антенна приставкасының желілік блогының жоғалғанын байқады.

Оқиға орнына патрульдік полиция жасағы жіберіліп, олар ізін суытпай қонақүй маңайында 28 жастағы ақтөбелік азаматты ұстады. Одан ұрланған мүлік табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабымен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, күдікті ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!