Тараздың маңындағы тас жолда жанып кеткен КамАЗдың ішінен ер адамның мәйіті табылды

Фотография - Тараздың маңындағы тас жолда жанып кеткен КамАЗдың ішінен ер адамның мәйіті табылды

Кеше сағат таңғы 05.30-да Тараз-Сарыкемер тас жолының бірінші шақырымында (Байзақ ауданының орталығы) тұрақта тұрған «КамАЗ» жүк көлігі отқа оранды

238 0

Тараздың маңындағы тас жолда жанып кеткен КамАЗдың ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарланды Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен. 

«Кеше сағат таңғы 05.30-да Тараз-Сарыкемер тас жолының бірінші шақырымында (Байзақ ауданының орталығы) тұрақта тұрған «КамАЗ» жүк көлігі отқа оранды. Көліктің ішінен 50-55 жастар шамасындағы ер адамның мәйіті табылды», - делінген хабарламада.

Тараз №2 өрт сөндіру бөлімінің екі құрылымы жарты сағаттың ішінде өртті ауыздықтады.

Құқық қорғау органдары қаза болған адамның жеке тұлғасын және көліктің иесін анықтауда, деп хабарланды облыстық  ТЖД-нің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!