Қарағанды облысы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары қамауға алынды

Фотография - Қарағанды облысы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары қамауға алынды

Қарағанды облысы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Кенжетай Атағұлов уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

222 0

Қарағанды облысы Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Кенжетай Атағұлов уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Арнайы прокуратура ғимаратының алдына жиналған туыстары мен достары оның не үшін ұсталғанын білуді талап етуде. Алайда, оларға ешқандайда ресми мәлімет берілмеді. Туысқандарының айтуы бойынша Кенжетай Атағұлов 6 жыл бұрынғы қызметіне байланысты қамауға алған. Қамауға алынған полицейдің ісін екі заңгер қарауда.

Мұхамедкәрім БЕКТҰРСЫНОВ, Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы:

- Қазір ол күдікті ретінде ұсталды. Бұл заңға қайшы емес. Қазіргі таңда ешқандай мәлімет бере алмаймыз. Бір тәулік бойы онымен тергеу жүргізіледі. Кенжетай Атағұлов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 384-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс материалдарын бұрмалаған деген күдікпен ұсталды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!