ОҚО-да Өзбекстан азаматы есірткі тасымалдағаны үшін сотталды

Фотография - ОҚО-да Өзбекстан азаматы есірткі тасымалдағаны үшін сотталды

Сарыағаш аудандық соты есірткімен ұсталған Өзбекстан Республикасының азаматын бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды

177 0

Сарыағаш аудандық соты есірткімен ұсталған Өзбекстан Республикасының азаматын бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.


«Сарыағаш аудандық соты Өзбекстан азаматын кінәлі деп тауып, дүние-мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі колонияда бір жарым жыл жазасын өтеуге үкім шығарды», -деп нақтылайды баспасөз қызметінен.


2012 жылдың 29-шы қарашасында «Жібек жолы» кеден бекеті қызметкерлері қалтасына марихуана жасырған Өзбекстан азаматын қолға түсірген.

Әзірге үкім күшіне енбеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!