Қарағандылық бұзақы дәмханада атыс шығарып, бір адам зардап шекті

Фотография - Қарағандылық бұзақы дәмханада атыс шығарып, бір адам зардап шекті

Қарағандылық бұзақы дәмханада атыс шығарды. Қарағанды полициясы қаскөйді ізін суытпай ұстады

140 0

Қарағандылық бұзақы дәмханада атыс шығарды. Қарағанды полициясы қаскөйді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«22 қаңтар күні сағат 4-тің шамасында Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында 26 жастағы ер адам ұрыс кезінде қаланың 26 жастағы тұрғынына пневматикалық тапаншадан оқ атты. Басына оқ тиген жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - делінеді хабарламада.

Қарағанды қалалық ІІБ-ның патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бұзақыны ұстап, орталық полиция бөліміне жеткізді.

«Айғақ дәлелдер тәркіленді, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!